Шымкенттік қарақшы газеттер

Шымкентте не көп, арзанқол, өсекке жақын газет көп. Сондай-ақ, Интернет ресурстардан мақала ұрлайтын, тонайтын қарақшы газеттер көп. Бір ғана мысал, Akzere-нің мына мақалалары Шымкентте шығатын «Айкерім» газетінде жарияланған:
Ақылмен жуынамыз
Әдемі болу өнері

Бұл газет "Ана мен бала" сайтының да бірнеше мақаласын 2-3 санында бір емес, бірнеше мақаладан жариялап отырған. Ұрланған әрбір мақала үшін 50 мың теңге айыппұл талап еттік. Алайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамның (ЖК БФЖИРОВ Н.А.) ондаған мақала үшін миллиондаған теңге айыппұл төлеуге шамасы жетпейді екен. Сондықтан бар айыпты Алматы қаласындағы соттардың көмегімен өндіріп алуды және ондай арзанқол қарақшы газеттердің әрекеттерін шектеуді көздеп отырмын.

Ұрылар тізбегі
"Ана мен бала" сайтының ондаған мақаласы «Балбөбек ай» журналының 4 санының 3-еуінде сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз жарияланып келген. Ол журналдың үстінен де сотқа арыз жазамыз.

Шымкентте шығатын «Шаңырық kz» газеті мен "Әйел денсаулығы" газеттері де "Ана мен бала" сайтынан мақалаларды ұрлап жариялаған екен. «Шаңырық kz» газеті бір емес, бірнеше санында сайтымыздағы мақалаларды ұрлап жариялап отырған. Бұл газеттің қожайыны сол ЖК БАЖИРОВ Н.А. деген жеке кәсіпкер болып отыр.

P.S.
Суреттерін жариялайын десем, Интернет-кафедегі компьютерге телефонымның драйверін орната алмадым.
Әрі қарай